
2021 жылғы 13 қазанда Балтық Халықаралық Академиясының «BiArt» галереясында «Латвия-Қазақстан» көркемөнер көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған және Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы мен Балтық Халықаралық Академиясының бірлескен жобасы болып табылады.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін насихаттау, көрерменді оның заманауи үрдістерімен, көріністерімен таныстыру.
Көрмеге 36 танымал қазақстандық суретшілердің 50-ден астам жұмыстары қойылған.
Көрме экспозициясы кескіндеме, графика, гравюра, мата (батик) бойынша көркем сурет, киізден жасалған суреттер, декоративтік-қолданбалы өнер заттарын қамтитын бірнеше бөлімнен тұрады.
Қазақстандық суретшілердің жұмыстары «Қазақстан суретшілері» атты экспозицияларын толықтыру үшін Балтық Халықаралық Академиясына сыйға тарту етіледі.