
2021 жылғы 11 қазаннан бастап Латвия Министрлер Кабинетінің шешімімен елде үш ай мерзімге төтенше жағдай жарияланды.
Жаңа шектеу шараларына сәйкес, елде эпидемиологиялық қауіпсіздіктің үш режимі (аймағы) қолданылады – «қызыл», «сары», жасыл»:
- «Жасыл» (қауіпсіз) аймақ: ресми растайтын құжаты бар, Covid-19-дан вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар үшін;
- «Сары» (салыстырмалы түрде қауіпсіз) аймақ: вакцинацияланған және ауырып жазылған, сондай-ақ Covid-19-ға теріс ПТР-тесті бар адамдар үшін;
- «Қызыл» (қауіпті) аймақ: барлық азаматтар үшін келесі шектеулерді сақтай отырып – маскаларды міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ сандық шектеулер.
Осы жылдың 1 маусымынан бастап Латвияда, ЕО-ға мүше барлық елдердегідей, Covid-19 бірыңғай цифрлық сертификаты қолданылады, бұл адамның Covid-19-дан вакцинацияланғанын растайды.
Латвия Республикасына келгендердің барлығы үшін бірыңғай талабы бойынша www.covidpass.lv сайтында электрондық сауалнаманы міндетті түрде толтыру болып қала береді. Аталған сауалнаманы Латвияға кірер алдында 48 сағат бұрын толтырып, арнайы QR-кодты алу қажет.
Сонымен қатар, Латвияға кіргенге дейін 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен таңдалған Covid-19-ға теріс нәтижесі бар тестін ұсыну қажет. Латвияға ауру қаупі жоғары елдерден келген адамдар, сондай-ақ ЕО-ның сыртқы шекарасын кесіп өтетін тікелей рейстер Латвияға келгеннен кейін бірден Covid-19-ға қайта сынақ жасап, тұрғылықты жерінде 10 күн бойы оқшаулануды сақтауы керек. Тест өткізу шығындары өз бетінше төленеді.
Елдегі қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық шектеулері туралы толық ақпаратты Латвияның ауруларды алдын алу және бақылау орталығының сайтынан алуға болады (https://www.spkc.gov.lv/lv/valstu-saslimstibas-raditaji-ar-covid-19-0).
Латвия Республикасына кіру және Латвия Республикасынан шығу тәртібін нақтылау үшін Латвия Республикасының Мемлекеттік шекара күзеті сайтына (https://www.rs.gov.lv/en/contacts) жүгінуге болады.