Вентспил портының басшылығымен кездесу

Вентспил портының басшылығымен кездесу

Рига, 2021 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Вентспилск еркін портының басқарушысы Андрис Пурмалиспен кездесті.

Вентспилдік еркін порт – Балтық аймағындағы ең үлкен мұздатылмайтын порттардың бірі. Латвияда үйінді жүктермен теңіз порт операцияларын, сондай-ақ паромдық қатынастарды жүзеге асыру бойынша көшбасшы болып табылады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Латвия өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуда көлік пен транзиттің маңызды рөлін растады және аталған саладағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі порт басшылығының 2021 жылғы 13-15 қазанда Алматы қаласында өтетін «Көлік және логистика 2021» халықаралық көлік көрмесіне қатысу ниетін құптап, Елшіліктің осы сапарды ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын растады.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру аясында Елшіліктің Вентспил портымен ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.