Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Биылғы жылы Қазақстанда белгілі қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың (1846-1945 жж.) 175 жылдығын атап өтуде.

Жамбыл Жабаев – суырып салма ақын, дана жыршы, эпостық жыр шебері. Жамбыл поэзиясы музыкамен, әнмен тығыз байланысты.

Жамбыл әнші-әңгімешілердің дәстүрін толық меңгеріп қана қоймай, ежелгі қазақ импровизация өнерінің жаңа қырларын ашып, оларға үлкен бейнелі мазмұн бере алды.

Жамбыл өзінің ақындық шығармашылығында өз халқы тарихының тағдыршешті сәттерін дәл түсіріп, жеткізе білді.

Жамбыл – адамдарды нәсілге және ұлтқа бөлмеген ақын-интернационалист. Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. «Оны жинап алып халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», - деген еді қазақ жазушысы Сәкен Сейфуллин.

Жамбылдың жоғары адамгершілік, рухани және отансүйгіш мұрасы әрқашан халықпен бірге болады.

Жамбылдың шығармашылығы бүгінгі таңда сұранысқа ие және қазіргі қарқынды дамып келе жатқан әлемде үлкен қызығушылық тудырады.

Жамбыл Қазақ әдеби шығармашылығының жарқын үлгісі болып табылатын жүздеген поэтикалық шығармалардың авторы. Атақты ақынның шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылып, әлемнің түрлі елдерінде жарық көрді.