
Латвияға авиарейстермен келетін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін
2021 жылғы 17 наурыздан бастап Латвияға халықаралық әуе тасымалдарына рұқсат етілді. Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарының назарын келесі сәттерге аударады:
1. Латвия Республикасындағы, транзиттік жүру пункттеріндегі (әуежайлардағы) қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен, сондай-ақ авиатасымалдаушылар (авиакомпаниялар) қабылдаған эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларымен мұқият танысу қажет;
2. Авиарейстерді ұйымдастыру мәселелері, олардың ықтимал жойылуын немесе ұшу күнін ауыстыруды қоса алғанда, авиакомпанияның құзыреті болып табылады;
3. Латвия Республикасына келгендердің барлығы үшін бірыңғай талабы бойынша www.covidpass.lv сайтында электрондық сауалнаманы міндетті түрде толтырған абзал. Аталған сауалнаманы Латвияға кірер алдында 48 сағат бұрын толтырып, рейске отыру және Рига қаласының әуежайында шекаралық бақылаудан өту кезінде көрсету үшін арнайы QR-кодты алу қажет;
4. Рейске отырар алдында Латвияға кіргенге дейін 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен іріктелген теріс нәтижесі бар Covid-19 тестін көрсету қажет. Латвияға ауру қаупі жоғары елдерден келген адамдар, сондай-ақ ЕО-ның сыртқы шекарасын кесіп өтетін тікелей рейстер Латвияға келгеннен кейін бірден Covid-19-ға қайта тесттен өтіп, тұрғылықты жерінде 10 күн бойы оқшаулануды сақтау керек. Тест өткізу шығындары өз бетінше төленеді;
5. Аса шұғыл жағдайда Латвияға кіруге құқығы бар адамдардың санаттары:
- жұмыс;
- жоғары оқу орындарында оқу;
- отбасын біріктіру;
- медициналық қызметтерді алу;
- транзит;
- кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу;
- тұрақты тұратын жеріне оралу;
- жерлеу;
- Латвия мемлекеттік органдарының шақыруымен және Латвия Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімімен.
6. Елдегі қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық шектеулері туралы толық ақпаратты Латвияның ауруларды алдын алу және бақылау орталығының сайтынан алуға болады (https://www.spkc.gov.lv/lv/valstu-saslimstibas-raditaji-ar-covid-19-0).
Латвия Республикасына кіру және Латвия Республикасынан шығу тәртібін нақтылау үшін Латвия Республикасының Мемлекеттік шекара күзеті сайтына (https://www.rs.gov.lv/en/contacts).