Латвиялық БАҚ-пен ынтымақтастық перспективалары

Латвиялық БАҚ-пен ынтымақтастық перспективалары

2021 жылы 4 тамызда Қазақстанның Ригадағы Елшілігінде «Neatkariga Rita Avize» газетінің (Тәуелсіз таңғы газеті) күнделікті қоғамдық-саяси газетінің белгілі латвиялық журналисті, колумнистімен Ритумс Розенбергспен кездесу өтті.

Сұхбат барысында Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Т.Пірімбетов екі ел жұртшылығы арасындағы қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту мақсатында Елшіліктің латвиялық медиа-қауымдастықпен, оның ішінде интернет-басылымдармен тығыз ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Т.Пірімбетов сұхбатшыны Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, біздің елімізде жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті.

Әңгіме соңында, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «Neatkariga Rita Avize» газетінде Қазақстан Республикасы туралы мақалалар циклін жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.