Транзиттік-көліктік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Транзиттік-көліктік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Рига, 2021 ж. 30 шілде - Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетовтің Риганың еркін портының  басқарушысы Ансис Зелтиньшпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді Қазақстан-Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудағы көлік пен транзиттің маңызды рөлін растады және транзиттік-көлік саласындағы бүгінгі жағдайы туралы пікір алмасты.

Қазақстандық дипломаттардың өтініші бойынша Риганың еркін порты жақын арада екі ел арасындағы транзиттік-көлік секторында логистикалық компонентті нығайту үшін порттың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалану бойынша кешенді ұсыныстар ұсынуы көзделуде.​