Құқық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Құқық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ү.ж. 15 маусымда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвияның Бас прокуроры Юрис Стуканспен кездесті.

Қазақстандық-латвиялық қатынас, соның ішінде құқық қорғау органдары желісі бойынша дәстүрлі өзара сыйластық пен сындарлы ынтымақтастыққа негізделеді.

Екі елдің заң саласындағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылау барысында Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы прокуратура органдары арасындағы байланыстың одан әрі оң дамуы мен үйлесуіне ықпал ететін құқықтық көмек көрсету туралы келісімге қол қоюдың маңыздылығына аса назар аударды.

Сұхбат барысында Т.Пірімбетов Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда саяси және әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар адам құқығын қорғау және заңдылықты нығайту салаларында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Тараптар қазақстандық-латвиялық қатынастың ілгерілмелі және динамикалық дамуын бағалай отырып, заң және құқық салаларында ынтымақтастықты нығайтуға екі жаққа бірдей қызығушылықтарын растады.