Латвиямен арадағы парламенттік ынтымақтастық

Латвиямен арадағы парламенттік ынтымақтастық

2021 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Латвия Республикасы Сеймінің парламенттік ынтымақтастық топтарының мүшелері осы жылы өздерінің алғашқы онлайн-кездесуін өткізді.

Қазақстан мен Латвия тарапынан топ жетекшілері Берік Оспанов пен Улдис Аугулис қатысушыларға алғы сөздерін айтты.

Кездесудің күн тәртібіне парламентаралық диалогты кеңейтуге және нығайтуға, екі ел парламенттерінің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылына, сондай-ақ Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер кірді. Тараптар, Қазақстан-Латвия қатынастарының жағдайы мен келешегін жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары латыш әріптестеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалармен таныстырды.

Парламентарийлер Covid-19 пандемиясына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесуге Қазақстан мен Латвияның елшілері қатысты.