Латвия селекционерлері өсірген рододендронның жаңа түрі «Qazaqstan» атауын алды

Латвия селекционерлері өсірген рододендронның жаңа түрі  «Qazaqstan» атауын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2021 жылғы 3 маусымда Ригадағы Қазақстан Елшілігінің аумағында салтанатты түрде «Qazaqstan» рододендронының селекциялық талы отырғызылды.

Жаңа түр Латвия университетінің жанындағы тәжірибелік-асыл тұқымды станциясы (тәлімбақ) «Babite» рододендрон саябағында өсірілді.

Бірнеше жыл бойы тәлімбақтың негізін қалаушысы, белгілі латвиялық селекционер, Латвия ғылым академиясының академигі Рихард Кондратович (1932-2017) аталған рододендронның түрін шығарумен айналысты.

«Babite» саябағының директоры Кристапс Кунрадс пен тәлімбақтың бас селекционері Гунита Риекстыня Елшілікке жаңа рододендрон түрінің тіркелуі мен атауын растайтын куәлік тапсырды. Тәлімбақ басшылығы «Qazaqstan» түрі үшін Ұлыбританияның Корольдік бау-бақша қоғамында тіркелу мен ресми халықаралық сертификат алуға өтініш жіберді.

Осы жылдың мамыр айының соңында тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай «Babite» саябағында алғашқы бұталар отырғызылған жаңа қазақ бұрышының ашылуы өтті.

Анықтама ретінде: «Babite» саябағының көпжылғы тарихы бар және қазіргі уақытта Балтық жағалауы елдерінде осы керемет және әдемі өсімдіктер өсетін жалғыз орын болып табылады. Тәлімбақ 1980 жылы құрылған. Балтық аймағындағы рододендрондардың ең үлкен коллекциясы - 70-тен астам жабайы түрлері және 330-дан астам асыл тұқымды түрлері - Латвия астанасының маңында 12 гектарлық саябақтың аумағында өседі. Саябақты жыл сайын 35 мыңнан астам адам тамашалайды.