
2021 жылғы 26 мамырда Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетовтің Латвияның Мәдениет министрі Наурис Пунтулиспен кездесуі өтті.
Достық және сындарлы жағдайда тараптар екі елдің мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елшіліктің жобалары мен алдағы іс-шаралары туралы егжей-тегжей хабардар етті.
Латвия министрі, өз кезегінде, екі ел арасындағы мәдени қатынастарды кең ауқымды да, опера және балет сияқты салаларын дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан мен Латвия жоғары халықаралық деңгейге жеткенін және танылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени ынтымақтастықтың ежелден келе жатқан дәстүрлері және екі ел халықтарының жақындасуына ықпал ететіндігі атап өтілді. Бұған қоса, мәдени-гуманитарлық байланыстар екіжақты Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Сұхбат соңында, тараптар шығармашылық, көркемдік және гуманитарлық қызметтің барлық бағыттарындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.