
2021 жылы 12 мамырда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия университетінің Академиялық кітапханасының директоры, филология ғылымдарының докторы Вента Коцереге Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени-ағартушылық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ Латвияда қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады.
Қазақстан Елшілігі Латвия университетінің Академиялық кітапханасымен тығыз ынтымақтастықта. В.Коцеренің тікелей қолдауымен 2019 жылы осы Кітапханада Қазақстандық «Абай» ақпарат орталығы ашылды.
В.Коцере Латвия мен Қазақстан арасында мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларын дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға үшін алғысын білдірді. Ол, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Елшілікпен бірігіп ортақ жобаларды жүзеге асыру шеңберінде одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайындығын растады.