Парламентаралық байланыстарды нығайту – Қазақстан-латыш қатынастарының одан әрі дамуының негізгі факторы

Парламентаралық байланыстарды нығайту –  Қазақстан-латыш қатынастарының одан әрі дамуының негізгі факторы

2021 жылы 19 сәуір күні Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Латвия Республикасы Сеймінің (Парламент) Қазақстан Республикасының Парламентімен ынтымақтасу жөніндегі депутаттар тобы Төрағасының орынбасары, депутат Любовь Швецовамен кездесу өтті.

Сұхбаттасу кезінде қазақстандық дипломаттар латвиялық депутатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы ақпараттандырды.

Сонымен қатар, латвиялық депутат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай жоспарланған Елшіліктің шараларымен танысты.

Тараптар парламентаралық ынтымақтасу тақырыбында, екі ел парламенттерінің арасындағы байланыстардың жандануы қазақстан-латыш қарым-қатынастрдың нығаюына және оның аясының кеңеюіне септігін тигізетінін атап өтті.