Наурыз мейрамы - көктем мен жаңару мейрамы

Наурыз мейрамы - көктем мен жаңару мейрамы

Құрметті қазақстандықтар, қымбатты достар!

Латвиядағы Қазақстан Елшілігі баршаңызды көктемнің шырайлы мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Тарихы тереңнен тамыр алатын Наурыз мейрамы жаңару мен жаңа өмір бастауының, берекенің, рухани асқақтаудың, адамзаттың табиғат пен туған жерге деген үйлесімінің бейнесі. 

Мереке күндері сіздерге денсаулық, шаттық, бейбітшілік пен береке тілейміз!

Наурыз әрбір отауға бақыт пен гүлдену әкелсін!