Латвия Республикасына келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Латвия Республикасына келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Ү.ж. 17 наурызда үшінші елдерге әуе тасымалдарының қайта жандануына орай Рига қаласының халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді.

Латвияға келетін үшінші елдер азаматтары Covid-19 қосымша тест тапсырулары қажет (толық ақпарат https://www.riga-airport.com/pasazhiram/testirovanie-na-covid-19-v-aeroportu/ru). Тесттің нәтижесіне қарамастан тұрғылықты жер немесе Covid-19 жеңіл формада ауратын науқастар мен байланысушы тұлғаларды орналастыру үшін қарастырылған қонақ үйлерде 10-күндік оқшалану қажет. Тест және қонақ үйде тұру өз бетімен төленеді.

Арнайы «Covidpass.lv» сайтында сауалнаманы толтыру талабы сақталады.