
2021 жылдың 11 наурызында онлайн форматында Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік хашысының орынбасары Улдис Рейманиспен қазақстандық-латвиялық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) сегізінші отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Сұхбат барысында 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтуге жоспарланған Комиссияның кезекті отырысының Күн тәртібі жобасы бойынша жан-жақты пікір алмасты. Тараптар УАК дайындық мәселелері бойынша тұрақты консультацияларды жалғастыруға келісті.
Бірлескен Комиссия Қазақстан мен Латвияның арасындағы екіжақты қатынастың маңызды тетігі болып табылады. Комиссия отырыстары кезекпен екі елдің астаналарында өткізіледі.