
2021 жылғы 17 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвиялық университетінің Академиялық кітапханасының Директоры, филология ғылымдарының докторы Вента Коцереге Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени және білім беру саласындағы байланыстарды дамытуға, сонымен қатар ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын көпшілікке таратуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хатын табыстады.
Кездесу Латвиялық университетінің Академиялық кітапханасының жанындағы ашылуына Вента Коцере өзі қатысқан «Абай» Қазақстандық ақпараттық орталығында өтті.
Латвиялық университетінің Академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасымен белсенді ынтымақтасады. Іс жүзінде «Абай» Қазақстандық ақпараттық орталығы үшін барлық әдебиет Қазақстаннан сыйлық ретінде табысталды.
Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Вента Коцерені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Латыштар Қазақстан туралы» альбомын бірігіп дайындауға қатысуға шақырды.