
2021 жылғы 25 қаңтардан бастап Латвияға әуе, теміржол, теңіз, өзен және автомобильдік көлікпен келетіндер ЛР-дың мемлекеттік шекарасынан өтуден алдын 72 сағат бұрын ПЦР тәсілімен алынған COVID-19 теріс тестінің нәтижесін міндетті түрде көрсетулері қажет.
COVID-19 теріс тестінің нәтижесін көрсету міндетінен келесі тұлғалар босатылады. Олар:
Басқа да ерекшеліктер туралы ақпарат «COVID-19 инфекциясын таратпау жөніндегі эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы» Министрлер кабинетінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 360 ережесінің 35-бабында келтірілген.
Бұдан басқа, Латвия Республикасына келушілер үшін арнайы ашылған «Covidpass.lv» сайтында Латвия Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпестен алдын 48 сағат бұрын анкета толтыру қажеттігі де сақталады.
Сонымен қатар, ауру жұқтыру қаупі жоғары елдерден келетіндер үшін 10 күндік өзін-өзі оқшаулау талаптары мен Латвиялық Аурудың алдын-алу және бақылау орталығы (ЛАБО) белгілеген басқа да эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігі де өз күшін жойған жоқ.
Еуропалық Одақ пен үшінші елдердегі «COVID-19» ауруы туралы эпидемиологиялық статистикалық деректер әр жұма күні ЛАБО-ның келесі сайтында жаңартылады: https://www.spkc.gov.lv/lv/valstu-saslimstibas-raditaji-ar-covid-19-0