Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, Қымбатты отандастар!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, Қымбатты отандастар!

2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 07.00-де кезекті Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депуттатарын сайлауы үшін  Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің жанындағы №305 сайлау учаскесі ашылды. Сайлау учаскесі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді (мекен-жайы: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2).

Сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының COVID-19 коронавирустық инфекциясын алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталынған.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, дауыс беруге қатысуға шақырамыз!

Учаскелік сайлау комиссиясы