Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпарат

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпарат

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 305 сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беруге шақырамыз.

№ 305 сайлау учаскесі 07.00-ден 20.00-ге дейін Рига қ., Юра Алунана көш., 2 мекен-жайы бойынша өтеді (кіреберіс Консулдық бөлім жағынан). Сызбаны қара.

Дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматы туралы жарамды төлқұжат болуы тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес, 2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап Елшіліктің Консулдық бөлімінде Латвия Республикасында уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары-сайлаушылардың тізімі орналасқан. Сайлаушылар тізімінен өзіңізді +371 288-96-225 телефоны немесе rigaconsulate@mfa.kz электрондық поштасы арқылы анықтай аласыз.

Дауыс беру күні сайлау учаскесінде сайлау үдерісі Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының COVID-19 короноварисутық инфекциясын алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.