
2020 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетовтің Латвия Республикасы Конституциялық Сотының бұрынғы Төрайымы, Еуропалық Соттың Судьясы Инета Зиемелеге «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалінің табысталуына байланысты кездесу өткізді.
И.Зиемеле 2017 жылдан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Латвияның Конституциялық Сотының Төрайымы болды.
Бұл марапат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен И.Зиемелеге екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы қызметі үшін берілді.