Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 305 сайлау учаскесінде (Рига қ., Юра Алунана көш., 2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беру өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған әрбір азаматының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 305 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне Латвия Республикасында тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азамат енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін, Елшілік әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) rigaconsulate@mfa.kz электрондық мекенжайға      «Сайлау-2021» белгісімен жолдау қажеттігін сұрайды. Сіздер жолдаған деректердің келіп түскендігі туралы Елшіліктің консулдық бөлімі қызметкерлері уақытылы жауап қайтарады. 

Басқа да қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмеріне хабарласуға болады:  +371 67243028 (9.00-ден 17.00-ге дейін).

Алдағы сайлау туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан ала аласыздар (www.election.gov.kz).