Қазақстандық студенттердің назарына!

Қазақстандық студенттердің назарына!

Жаңа оқу жылының басталуына орай, Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі Латвияның жоғарғы оқу орындарында оқитын барлық қазақстандық студенттерді Елшілікке жолығып уақытша консулдық есепке тұруды сұрайды. Консулдық есепке өтініш-сауалнаманы толтыру арқылы тұруға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/konsulskiy-uchet-grazhdan-kazahstana?lang=ru ).

Өтініш-сауалнаманы Консулдық бөлімге келіп қалдыруға немесе rigaconsulate@mfa.kz поштасына «Консулдық есепке тұру» белгісімен жолдауға болады. Өтініш-сауалнаманы электрондық пошта арқылы жібергеннен кейін оны +371 29 154 858 немесе +371 28 896 225 телефондары арқылы растау қажет.

Консулдық бөлімнің жұмыс уақыты – дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма 09:30-дан 12:30-ға дейін, сонымен қатар 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Қазақстан Республикасы азаматтарын консулдық есепке алу олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қауіпсіздіктері мақсатында жүзеге асады. Мысалы, егер шет елде қандай да бір төтенше жағдай орын алған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарының тұратын жері туралы ақпарат онымен жедел байланыс орнатып, мәселені оң шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, консулдық есепке тұру Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да Қазақстан Республикасының заң актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындаулары үшін қажет (мысалы, сайлау құқығы, сонымен қатар болатын сайлау және референдумдар туралы қажетті ақпарат алу, ҚР заңнамасының жаңа ережелері туралы түсініктеме алу және т.б.).