Меню

Страницы

Статья

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Түрлі халықтар мен наным-сенімдердің рухани мұрасына бай Қазақстан халқы көптеген ғасырлар бойы толеранттылықтың, келісімнің, өзара сыйластықтың баға жетпес қасиеттерін бойына сіңіргені тарихи тұрғыдан қалыптасқан.

Біз бұған тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап этностық және дінаралық келісім мәселелеріне, азаматтардың өз шығармашылық күштерін, қабілеттері мен дарындарын қолдануы үшін, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін нақты мүмкіндіктерді кеңейтуге ерекше назар аударуының арқасында қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында аса маңызды мемлекеттік және үкіметтік құжаттар мен шешімдер қабылданды, мәдениетті, руханиятты, ағартушылықты дамытуға бағытталған кең ауқымды бастамалар жүзеге асырылды.

Қазақстанның егемендігін дамытудың, нарықтық экономикаға көшудің және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың демократиялық нысандарының қиын жағдайларында біз этносаралық және конфессияаралық келісім идеясын негіздей алдық, оны қазақстандықтардың уақыт талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес тереңдете және дамыта алдық, ол бүгінде әлемде «Қазақстан жолы» ретінде баршамызға әйгілі.

Бейбітшілік, конфессиялар мен мәдениеттер диалогы сияқты іргелі постулаттар біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Этносаралық және конфессияаралық келісім парадигмасын бүкіл әлемдік қауымдастық мойындайды, ал «Қазақстандық модельдің» өзі жақын көршілерге ғана емес, сонымен қатар көптеген шет мемлекеттерге де үлгі болып, сарапшылар, ғалымдар мен саясаткерлер үшін ғылыми зерттеу нысанына айналды.

Еліміздің табыс феномені – Отанымыз бен халқымыздың тарихи ерекшеліктеріне негізделгенін, ал конфессияаралық және дінаралық келісімнің дамуы Еуразия құрлығының орта бөлігіндегі өркениеттер мен мәдениеттердің алуан түрлі көпғасырлық өзара кірігу үдерістерімен тікелей байланысты екенін нақты атап өткен жөн.

Өз кезегінде, республикамыздың халықтарына тән толеранттылық, оның басқа этностар, мәдениеттер, діндер мен конфессиялар өкілдеріне тілектестік қарым-қатынасы зайырлы мемлекеттің жасампаздық және жан-жақты дамуы мен одан әрі гүлденуі үшін мықты әрі сенімді іргетас қалауға негіз болды.

Конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті қолдаудағы бірегей қазақстандық тәжірибе жаһандық ауқымда сұранысқа ие болды. Осыған байланысты Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі Нұр-Сұлтан қаласында үш жылда бір рет өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып табылады.

2003-2021 жылдар аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бүкіл дүниежүзі  халқының бейбіт және лайықты өмір сүру мүддесіндегі түрлі дін өкілдерінің ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша алты Съезі өтті.

Рухани көшбасшылар съезі Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы жаһандық дінаралық диалогты дамытуға қосқан елеулі үлесі болды. Осы тәсілді өзінің сыртқы саяси бағытының көп векторлы және халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт және ұжымдық шешуге бейілділігі сияқты түйінді қағидаттарымен үйлестіре отырып, Қазақстан Шығыс және батыс өркениеттері арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге белсенді түрде жәрдемдеседі.

Қыркүйек айында елордамыз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне 50 елден келетін 100-ден астам қатысушылар мен қонақтарға есігін айқара ашып, күтіп алады.

VII Съездің пленарлық және секциялық отырыстарының тақырыбы діни және этникалық тегіне қарамастан, әрбір азаматты мазалайтын жұқпалы аурулар қаупіне, халықаралық қарама-қайшылыққа ұшырайтын қазіргі заманның өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға және оларды шешу бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.

Алғашқы Съезд шақырылған күннен бастап он тоғыз жыл ішінде қол жеткізген табыстардың маңыздылығын бағалай отырып, болашақ форумның негізінде Қазақстанда барлық халықтардың әл-ауқаты мен өмір қауіпсіздігі, рухани жаңғыру мен адамзаттың жетілуі жолындағы ынтымақтастық белгісі ретінде біріккен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рухани бірлігі жатыр деп кәміл сенеміз.

Д.Б. Есенова, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары

Дата публикации
06 сентября 2022
Дата обновления
06 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

22 мая 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
28 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
28 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары