2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 7 маусымдағы №27 қаулысымен шекараны кесіп өту кезінде COVID-19 вакцинациялау төлқұжатын және теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсыну туралы міндетті талап алынып тасталды.
Аталған шара келуші тұлғалардың Қазақстан Республикасының шекарасын қандай да бір көлік түрімен кесіп өтетініне қарамастан қолданылады.