Меню

Страницы

Статья

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н.НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығын құру идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушыларының бастамасымен  2018 жылдың қазанында көтерілген болатын. 

2019 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 Қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.

Орталықтың негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты жолға қою, сақтау, дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету;
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеялары мен шешімдерін танымал ету;
  • Әлемдегі діни жағдайды талдау;
  • Халықаралық диалогты ілгерілету жөніндегі жаңа бастамаларды жандандыру және пысықтау;
  • Дінтану сараптамасы объектілерінің кешенді сараптамасын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері:

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыруды және оның институттарының – діни лидерлер кеңесінің, Съез Хатшылығы және Хатшылықтың жұмыс тобының отырыстарын дайындау, ұйымдастыру және өткізу;
  • Халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен, ассамблеялармен) қарым-қатынас орнату;
  • Өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер жасасу;
  • Конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделін халықаралық аренада ілгерілету;
  • Діндердің, конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың өзекті мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу;
  • Отандық және шетелдік діни бірлестіктермен, олардың рухани көшбасшыларымен жүйелі негізде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
  • Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесу;
  • Қазақстан мен әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму серпініне сараптама жүргізу;
  • Диалог құру, діни мәдениеттерді, өркениеттер мен конфессияларды жақындастыру жөніндегі бастамаларды іске асыру;
  • Діни тақырыптағы шетелдік және отандық БАҚ мониторингі.

Орталық жұмысының стратегиялық блогы аналитикалық бағытқа арналған. Осы мақсатта 2020 жылғы мамырдан бастап Орталықтың жанынан Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.

Институт әлемдегі діни ахуалға тұрақты негізде талдау жүргізеді. Сараптамалық-талдау материалдары өзекті тақырыптар бойынша (олардың ішінде өркениетаралық және конфессияаралық даму саласындағы әлемдегі діни трендтер, ортақ мақсаты бар институттардың, диалог алаңдарының халықаралық тәжірибесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі зерделеу, діни ғимараттар құрылысын құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі, Дін мәселелері және діни қайраткерлердің, жастардың және т.б. әлеуметтік жауапкершілігі) жүргізіледі.

Сонымен қатар, орталық базасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезін өткізу шеңберінде 2018 жылғы 10 қазанында ашылған Бейбітшілік және келісім мұражайы жұмыс істейді.

Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын және әлемдік музей орталықтарын дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін инновациялық музей кешенін құру арқылы адамзат проблемаларын шешу үшін мемлекетаралық және өркениетаралық өзара іс-қимылдың замануи тәжірибесін сақтау және танымал ету.

Орталықтың серіктестері. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын жаһандық деңгейде насихаттауда орталық қызметінің басым бағыты халықаралық құрылымдармен қарым-қатынас орнату болып табылады.

Орталықтың тұсаукесерлері Ватикан, АҚШ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Жапония, Сингапур, Швейцария, Түркия, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Бельгия, Австрия, Польша, Үндістан, Пәкістан сияқты жетекші діни ұйымдар мен халықаралық құрылымдарда өтті.

Қазіргі уақытта Орталық Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтымен, Халықаралық мәдени дипломатия институтымен, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен, Қасиетті Тақтың дінаралық диалогы бойынша Папалық Кеңеспен (Ватикан), Назарбаев университетімен, Баку конфессияаралық және өркениетаралық ынтымақтастық орталығымен, Шарджа университетімен (БАӘ), Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросымен, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығымен, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтымен, ҚР орталық мемлекеттік мұражайымен, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясымен, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетімен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Оманның «Asdaa Oman» онлайн газетімен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірқатар меморандумдар жасасты. «Хабар» Агенттігі» АҚ-мен және БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

Н.Назарбаев орталығы туралы қосымша ақпаратпен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда: «Facebook», «Twitter», «Instagram», «Telegram» арнасында және корпоративтік сайтта http://religions-congress.org  танысуға болады.

Дата публикации
07 сентября 2021
Дата обновления
04 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 мая 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
28 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
28 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары