Латвия Үкіметі 2022 жылғы 1 сәуірден бастап кейбір ерекшеліктерді сақтай отырып, COVID-19 шектеулерінің көпшілігін алып тастау туралы шешім қабылдады.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап Латвияға кіру үшін вакцинация немесе сауығу туралы анықтама, не болмаса теріс нәтижесі бар COVID-19 тесті туралы анықтама талап етілмейді. Аталған талап тәуекел деңгейі жоғары елдерден келген саяхатшыларға ғана қолданылатын болады. Аурудың алдын алу және бақылау орталығы (CDPC) анықтаған осындай елдердің тізімі қоса берілген ақпарат мына сайтта жарияланған: https://www.spkc.gov.lv/lv/valstu-saslimstibas-raditaji-ar-covid-19-0
2022 жылғы 1 сәуірден бастап қоғамдық көліктерден, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау мекемелерінен басқа бетперде кию талабы алынып тасталды.
Қауіпсіздік шаралары туралы толық ақпарат Министрлер Кабинетінің №662 «COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмауға арналған эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары» ережелерінде көрсетілген (https://likumi.lv/ta/en/en/id/326513-epidemiological-safety-measures-for-the-containment-of-the-spread-of-covid-19-infection).