«Отандастар қоры» КЕАҚ барлық ниет білдірушілерді онлайн режимде қазақ тілін тегін оқыту курстарына шақырады.
Қазақ тілін оқыту курсы жаңадан бастаушыларға да, қазақ тілін меңгерген адамдарға да арналған. Курстың ұзақтығы – 3 ай, оқу деңгейлері –А1, А2 және В1.
Жоғары білікті оқытушылар оқытудың ерекше әдістемесін қолдана отырып, Сізге қазақ тілін үйретеді.
Жоғарыда аталған онлайн-курсқа қалай жазылуға болады?
1. Ұйымдастырушыларға WhatsApp арқылы жазбаша өтінім беру қажет: +7 776 116 7291 (Айна Алпысбай), +7 775 5105191 (Алжан Шарифов);
2. Қазақ тілінің деңгейін анықтау үшін тест тапсыру:
https://forms.gle/Rw5jozye4oBrh83TA
https://forms.gle/ogEWovAoRbqEdvYx6
https://forms.gle/ALYY1aXQQk9iwTyt7
https://forms.gle/mhGSnoy8jHLAaSXq8
3. Сізді қазақ тілі курсының тобына жазғаны жөнінде хабарлама алу.
Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі.
Сәттілік тілейміз!