|
Визалық сұрақтар:
|
- Латвияға бару үшін Қазақстан азаматтарына виза қажет.
|
|
Паспорттың жарамдылығы:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.
|
|
Шекаралық және кедендік бақылау:
|
- Латвияға барар алдында келесі сілтеме бойынша Латвияның мемлекеттік шекарасын кесіп өту ережелерімен танысуды ұсынамыз: https://www.rs.gov.lv/lv/robezas-skersosana
- Латвияның Мемлекеттік кірістер қызметі Кеден басқармасының барлық қажетті ақпаратын табуға болады https://www.vid.gov.lv/lv/muita
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шет мемлекетте тіркелген көлік құралын Латвия аумағына кіргенге дейін кейіннен пайдалану үшін декларациялау қажеттілігі туралы талаптар күшіне енді. Аталған рәсімді қажетті ақпаратты толтыру арқылы https://e.csdd.lv/ сайтында өтуге болады. Бұл талап үш айдан астам уақыт бойы қолданылатын көлік құралын тіркеу қажеттілігін жоймайды.
- 2025 жылғы 19 наурыздан бастап Латвияда латвиялық-беларусьтік (Патерники) және латвиялық-ресейлік шекараларында (Гребнево, Терехова) жаяу жүргіншілердің бақылау өткізу пункттерін кесіп өтуіне тыйым салынды. Шекара пункттерін кесіп өту тек автокөлік құралдарында ғана мүмкін.
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
«Туристі міндетті сақтандыру туралы»
|
|
Эпидемиялық ахуал:
|
|
|
Қалыптасқан тәртіп нормалары:
|
- Латвияда болған кезде Сізге оның заңдары қолданылады, оларды қатаң сақтауға міндеттісіз, болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды.
- Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз.
- Шет тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді және оны жергілікті тұрғындар да құптайды.
- Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси жағдай, климаттық жағдайлар, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері.
|
|
Пайдалы ақпарат:
|
- Қолданылатын валюта - еуро.
- Мобильді карталарды алдын ала орнату – Waze, Google maps.
- Келген кезде SIM-картаны сатып алу немесе роумингті алдын ала қосу қажеттілігі.
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызға алдын ала апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|