Меню

Страницы

Статья

Екіжақты қарым-қатынас

Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 желтоқсанда орнатылды.

2004 жылғы желтоқсанда Латвия Республикасы Қазақстан Республикасында Елшілігін ашты.

Латвияның Қазақстандағы Елшісі – И.Мангуле (2021 ж. қаңтар айынан бастап).

2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшісі – Д.Кәріпов (2023 жылғы 23 қазаннан бастап).

 

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы саяси ынтымақтастық өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Жоғары деңгейдегі өзара байланыстар мен сапарлар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Бірінші жоғары деңгейдегі ресми кездесу 1994 жылғы 18 желтоқсандағы Латвияның Президенті Г.Улманистің Қазақстанға жасаған сапары кезінде өтті.

Латвияға алғашқы мемлекеттік сапарды ҚР-дың Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2006 жылғы шілдеде жасады.

Қазақстанға ресми және жұмыс сапарларымен Латвия президенттері В.Вике-Фрейберги (2004 ж.), В.Затлерс (2008 ж.), А.Берзиньшс (2013 ж.) келді.

2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Қазақстанның елордасында өткен ЕҚЫҰ самиттінің жұмысына президент В.Затлерстің басшылығымен латыш делегациясы қатысты.

2017 жылғы 9-10 маусымда Латвия Президенті Р.Вейонис ЭКСПО-2017 көрмесіне барды.

2017 жылғы қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин жұмыс сапарымен Латвияға барды.

2022 жылы Латвияда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сот әкімшілігі өкілдерінің жұмыс сапарлары өтті.

 

Парламентаралық диалог дамуда. Екі елдің Парламенттерінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар жұмыс жасауда. 2021 жылы онлайн форматта парламенттік топ мүшелерінің кездесуі өтті.

Сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. Түрлі халықаралық саммиттер мен форумдар аясында Сыртқы істер министрлерінің кездесулері өтуде.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында тұрақты негізде саяси консультациялар өткізіледі. Кезекті консультациялар 2022 жылғы маусымда екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтті.

Екі елдің астаналары арасында бауырластық байланыс орнатылды.

Дата публикации
16 февраля 2023
Дата обновления
16 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

22 мая 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
28 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
28 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары