![]() |
Қазақстандық «Абай» ақпарат орталығы Латвияның ең көне кітапханасы саналатын – Латвия университетінің Академиялық кітапханасында орналасқан.
Орталықтың салтанатты ашылу рәсімі 2019 жылы сәуірде өтті, оған Латвия университеті мен Академиялық кітапхананың басшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының делегациясы, Латвия Сеймінің «Латвия-Қазақстан» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық тобының мүшелері, Қазақстан Елшілігі мен Ригадағы қазақ диаспорасының өкілдері, Латвияның көрнекті мәдени қайраткерлері қатысты.
Ақпарат орталығы ұлы қазақ ақыны, ұлттық әдебиеттің негізін қалаушысы, гуманист және ағартушы Абай Құнанбайұлының (1845-1904) атымен аталады. Оның туындылары орталықта қазақ, латыш, орыс және ағылшын тілдерінде бар.
«Абай» орталығында қазақстандық танымал авторлардың көркем, тарихи және ғылыми-танымдық тақырыбындағы әдеби туындылары қойылған. Латыш және ағылшын тіліне аударылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары да сөрелерде айрықша орынға ие.
Орталықтағы қаазақстандық авторлардың туындылары қазақ халқының бай да өзіндік мәдениетімен, оның қайнарларымен, заманауи жетістіктерімен және болашаққа деген талпыныстарымен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Келушілер үшін Қазақстандық «Абай» ақпарат орталығы жұмыс күндері сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша ашық: Латвия университеті Академиялық кітапхана, Рупнецибас көшесі, 10.
Орталыққа келу үшін Латвия университеті Мәдениетаралық диалог орталығының басшысы Линда Элтерманемен (+37129782761) телефон арқылы байланысып, алдын-ала жазылу қажет.
|
|
![]() |
![]() |