Меню

Страницы

Статья

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (әл-Фараби)

әл-Фараби –шығыс философиясының ең ірі өкілдерінің бірі, ұлы ғалым және ағартушы.

Ол 870 жылы Фараб қаласында (қазіргі Қазақстан аумағы) дүниеге келген.

әл-Фараби жастық шағында туған қаласын қалдырып, сол замандағы ислам және араб әлемінің барлық мәдени орталықтарында болып шықты: Бұхара, Мерв, Харран, Александрия, Каир, Бағдат, Алеппо және Дамаск шаһарларында білім алды, өмір сүрді және қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізіп, 950 жылы сол жерде қайтыс болды. Сол қалада жерленген. 

Астрономия, логика, музыка теориясы, медицина, психология, философия және құқық – әл-Фараби қызығушылықтарының өрісі болып табылады.

әл-Фараби – әлемдік масштабтағы тұлға. Ол өзінің сансыз ғылыми және философиялық еңбектерінде араб, парсы, грек, үнді және өзі шыққан түркі мәдениеттерін жақындастырды. әл-Фараби Аристотель мен Платон шығармаларына сансыз түсініктеме берді. әл-Фарабидің басты еңбектері бүгінгі күндерге дейін әлемнің ең таңдаулы кітапханаларында сақталып келеді.

Республикадағы ең ескі және ірі жоғары оқу орындарының бірі - Қазақ ұлттық университетіне(ҚҰУ) әл-Фарабидің аты берілді.

әл-Фараби атындағы ҚҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйі ғылымның әртүрлі салалалры бойынша ұлы ойшыл әл-Фарабидің еңбектерін басып шығарды. Олармен https://onedrive.live.com/?authkey=%21ALPCcHY21TPLMtk&cid=AE92B5FD9E544F15&id=AE92B5FD9E544F15%211260&parId=root&o=OneUp   сайтында таныса аласыз.

Дата публикации
03 августа 2020
Дата обновления
03 августа 2020
Тип
Инфографика

Сейчас читают

22 мая 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
28 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
28 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары