Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, ғалым, музыкант, қоғам қайраткері, қазақтың заманауи жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абайдың шығармашылық мұрасы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы.
Оның қаламынан 170-ке жуық өлең және желісі шығыстық классикалық әдебиет ағымынан бастау алатын бірнеше поэма шыққан. Одан басқа, Абай орыс классиктерінің – А.Пушкин, Ю.Лермонтов, И.Крыловтың көптеген туындыларының қазақ тіліндегі аудармаларының авторы.
Көркем проза мен қоғамдық ойдың дамуына айтулы үлесті «Абайдың Қара сөздері» қосты. Кітаптың мазмұны әртүрлі тақырыптағы нақыл сөздер мен өсиеттерді қамтитын 45 бөлімнен тұрады. «Қара сөздердің» басты идеясы – гуманистік мұратқа жетуге деген сенім мен туған халқының шексіз сүйіспеншілігі.
Абай шығармашылығының тағыда бір үйлесімді бөлігі музыка болып келеді. Ақынның музыкалық қабілеті бүгінгі күнге дейін қазақ халқының сүйіп айтатын лирикалық әндерінде жақсы бейнеленеді.
Абайдың әдеби және эстетикалық дәстүрін қазақтың заманауи ақын-жазушылары өз шығармаларында одан әрі дамытып келеді. Абайдың еңбектері латыш тілін қоса алғанда, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Оның аты қалаларға, әкімшілік орталықтарына, алаңдарға, көшелерге, театрларға, кітапханаларға, оқу орындарына берілген. Ұлы ақынның құрметіне әдебиет саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы бекітілген.