Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жиі қойылатын сұрақтар

СҰРАҚ: Мен Қазақстан Республикасының азаматымын және қазір Латвиядамын. Жақында менің төлқұжатымның мерзімі аяқталады. Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде жаңа төлқұжат алып, оны рәсімдей аламын ба?

 ЖАУАП: Иә, Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі басқа да дипломатиялық және консулдық мекемелері Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжаттарын ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Аталған қызмет азаматтардың белгілі бір санаты үшін мүмкін болады:

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын және белгіленген тәртіппен тиісті рұқсат ресімдеген;
  2. күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар;
  3. ұзақ еңбек шарты бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратындар (бір жылдан астам);
  4. жоғарыда аталған адамдардың бірге тұратын отбасы мүшелері (балалары, жұбайлары);
  5. жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар (қарттар) мен тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашар халдегі адамдар.

Қазақстан азаматының паспортын ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/108707?directionId=_4397&lang=kk.

 

СҰРАҚ: Мен Қазақстан Республикасының азаматымын және төлқұжатымды жоғалтып алдым. Маған не істеу керек?

ЖАУАП: Төлқұжатыңызды жоғалтып (ұрлатып) алған жағдайыңызда, Сізге Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне жүгіну қажет.

Егер де Сіз Латвияда тұрақты тұратын болсаңыз (Қазақстанның көші-қон қызметінің тиісті рұқсаты бар болса), жаңа төлқұжат алу үшін жүгінуге құқығыңыз бар.

Егер Сіз уақытша Латвияда болсаңыз, онда Сізге Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік ресімделетін болады, ол бойынша Сіз Қазақстанға кедергісіз шығып, өзіңіздің тұрақты тұратын жеріңіз бойынша жаңа төлқұжат ресімдей аласыз.

Қайтып оралуға арналған куәлік тек бір рет ресімделетініне және қолданылу мерзімі шектеулі екеніне назар аударамыз.  

Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесімен ресми сайтымызда танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/145341?lang=kk. 

 

СҰРАҚ: Латвияның қай құзыретті органы Латвия азаматтығының жоқтығы туралы анықтама береді?

ЖАУАП: Бұл құжатты беру Латвияның Азаматтық және көші-қон істері басқармасының құзыретіне кіреді. Анықтамалар Рига қаласында келесі мекен-жайлар бойынша беріледі:

Чиекуркална 1-ші линиясы, 1, 3-ші корпус;

К.Валдемар көшесі, 26;

Е.Смилъга көшесі, 46;

Даугавпилс көшесі, 31.

 

СҰРАҚ: Мен Латвия азаматтығын алдым, қазақстандық төлқұжатпен не істеуім керек?

ЖАУАП: «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аталған факті туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық немесе консулдық мекемесіне (Сіздің жағдайыңызда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне) хабарлауға міндетті. Елшіліктің Консулдық бөлімі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеуді ресімдеп, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын алып қояды.

Қажетті құжаттар тізімімен сайтта танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/16000?lang=kk. 

 

СҰРАҚ: Консулдық есеп қандай жағдайларда және не үшін қажет?

ЖАУАП: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық мекемесінде консулдық есепке тұруға құқылы.

Консулдық есептің екі түрі бар: тұрақты және уақытша.

Консулдық есепке қою ерікті болып табылады және азаматтың өзінің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Консулдық есепке қою фактісі не оның болмауы азамат үшін қандай да бір құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректері тек құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ азаматтардың өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғана пайдаланылатынына назар аударамыз. Атап айтқанда, болатын елде қандай да бір төтенше жағдай туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарының орналасқан жері туралы мәліметтер олармен шұғыл байланыс орнатуға және одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Консулдық есепке тұру үшін қажетті құжаттар тізімімен сайтта танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/144155?lang=kk.

 

СҰРАҚ: Мен Қазақстанда дүниеге келдім, бірақ Латвия азаматымын. Қазақстан Республикасында рәсімделген туу туралы куәлігім жоғалды. Елшіліктен жаңа құжат ала аламын ба?

ЖАУАП: Иә, болады. Туу туралы қайталама куәлік (телнұсқа) Сіздің жазбаша өтінішіңіз бойынша Қазақстан Республикасынан талап етілетін болады. Ол үшін Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне хабарласу қажет.

Қажетті құжаттар тізімімен сайтта танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/8623?directionId=_4397&lang=kk.

 

СҰРАҚ: Мен Латвия азаматымын және Қазақстанға келгім келеді. Бұл үшін маған виза керек пе?

ЖАУАП: Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы 57 елдің азаматтары, оның ішінде Латвия Республикасының азаматтары үшін енгізген біржақты визасыз режимді қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына сәйкес, Латвия азаматтары, егер олардың болу мерзімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспаса, ұзақтығы күнтізбелік 180 күн болатын әрбір кезең ішінде барлығы күнтізбелік 90 күннен аспайтын болса, Қазақстан аумағына визасыз келе алады, бола алады және кете алады.

 

СҰРАҚ: Мен Латвия азаматымын және Қазақстанға жүк тасымалдауды жүзеге асырамын. Бұл үшін маған виза керек пе?

ЖАУАП: Иә, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін виза қажет. Сіз визаны Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімінде рәсімдей аласыз.

Визаларды ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізімімен сайтта танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/article/details/166206?lang=kk.

 

СҰРАҚ: Консулдық қызмет ақысы қалай төленеді?

ЖАУАП: консулдық қызметтерге ақы төлеу банк арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі. Консулдық іс-әрекеттер немесе қызметтер үшін қажетті банктік деректемелер мен төлем сомасын Елшіліктің Консулдық бөлімінің қызметкері ұсынады.

 

СҰРАҚ: Елшіліктің Консулдық бөліміне қабалдауға қалай түсуге болады?

ЖАУАП: Қабылдау +371 672 430 28 телефон нөмірі бойынша немесе rigaconsulate@mfa.kz электрондық поштасы және онлайн брондау арқылы https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/online-booking?lang=kk  алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.

Қабылдау күндері мен уақыты: дүйсенбі-жұма, сәрсенбіден басқа. 9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау, 16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды алу.  Мекен-жайы: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары