
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы шетелдік инвестициялар мәселелері бойынша Үкімет атынан негізгі үйлестірушісі болып табылады.
«KAZAKH INVEST» ҰК аймақтық және шетелдік өкілдерінің кең желісі арқылы идеядан бастап іске асыруға дейінгі «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды қолдау бойынша қызметтердің кең спектрі көрсетіледі.
«KAZAKH INVEST» ҰК басты міндеті – Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау.
Осы мақсатта «KAZAKH INVEST» ҰК түрлі салаларда 100-ден астам маңызды жобаларды қамтитын басым ұсыныстар тізбесін дайындады.
Әрбір жоба үшін бизнес жоспарлар мен қаржылық модельдер әзірленді (қоса беріледі).
Жобалар туралы толық ақпаратты компанияның ресми сайтынан алуға болады https://invest.gov.kz/ru/.