ИСЕСКО Бас директоры, доктор С. Әл-Мәлік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күніне орай құттықтады

ИСЕСКО Бас директоры, доктор С. Әл-Мәлік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты  Республика күніне орай құттықтады

Рабат, 2024 жылғы 25 қазан - Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры, доктор Сәлім Әл-Мәлік Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күніне орай құттықтау хатын жолдады.

Бұл күн Қазақстан Республикасы тарихындағы халықтың төзімділік, күш-жігер мен дамуын көрсететін маңызды тарауы деп атап айтты Бас директор хатында.   

Сонымен қатар, Бакуде (Әзербайжан) өтетін COP29 шеңберінде Қазақстан делегациясын ИСЕСКО павильонын тамашалауға шақырды. Ислам әлемінде тұрақтылықты, инновацияны және білім беруді ілгерілетуге бағытталған жаңа бастамаларын көрсетуге ұмтылып, осы салаларда ИСЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттілігін білдірді.