ХАБАРЛАМА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі 2024 жылғы 6 қазанда референдум арқылы шешіледі деп мәлім етті.
Марокко аумағында референдумға қатысуға Қазақстан Республикасының Мароккодағы Елшілігі (мекен-жайы: Суисси ауданы, Бени-Мтир көш, 3.) жанындағы № 438 учаскесінде (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) болады.
Әрбір Қазақстан азаматы белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн.
Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады. Өз даусыңызды беру үшін алдын-ала Елшілік жанындағы № 438 учаскесіне тіркелуді сұраймыз.
Тізімге енгізуді Елшіліктің: +212 650-505722 телефоны арқылы хабарласып, тексеруге болады.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
www.election.gov.kz веб-сайтынан таныса аласыз.