
Рабат, 2024 жылғы 13 тамыз - Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар жөніндегі министрлігі Азия және Океания істері жөніндегі департамент директоры Омар Кадиримен ілтипат білдіру кездесуін өткізді.
Сұхбат барысында Елші О.Кадириді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның Марокконың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіндегі көп жылдық тәжірибесі Қазақстан мен Марокко арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты белсендіруге ықпал ететініне сенім білдірді.
Омар Қадири Қазақстанның халықаралық бастамаларын ерекше атап өтіп, екі бауырлас ел арасындағы қалыптасқан достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ниетін жеткізді.