ИСЕСКО Бас директоры қазақ халқын Абай Құнанбайұлы туған күніне орай құттықтады

ИСЕСКО Бас директоры қазақ халқын Абай Құнанбайұлы туған күніне орай құттықтады

Рабат, 2024 жылғы 9 тамыз - Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас хатшысы доктор Сәлім Әл-Мәлік Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай қазақ халқын құттықтады. Құттықтауында С.Әл-Мәлік хәкім Абай Құнанбайұлына даналық пен асқақ құндылықтарды бойына сіңірген қазақ әдебиетінің рухани атасы, ақындық кемеңгерліктің нышаны деген баға берді.