Елші Сәулекүл Сайлауқызының Корольдік стратегиялық зерттеулер институтының (IRES) Бас директорымен кездесуі

Елші Сәулекүл Сайлауқызының Корольдік стратегиялық зерттеулер институтының (IRES) Бас директорымен кездесуі

Рабат, 19 шілде - Елші Сәулекүл Сайлауқызының 2024 жылғы 19 шілдеде  Рабат қаласында Корольдік стратегиялық зерттеулер институтының (IRES - Institut Royal des Etudes Stratégiques) Бас директоры Мохаммед Тавфик Мулинмен көптен бері жоспарланып жүрген қызықты кездесуі өтті.

Қазақ Елшісі елдің ішкі саяси және экономикалық саладағы реформалары, халықаралық сахнадағы рөлі, ірі бастамалары және биылғы алты халықаралық ұйымдағы төрағалығы, Астана экономикалық форум мен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Марокко арасында екіжақты ынтымақтастықты дамытуда экономика, инвестиция, азық-түлік қауіпсіздігі, туризм, Халықаралық көшпенділер ойыны, білім және ғылым салаларының әлеуетіне ерекше назар аударды.

Елшінің ақпаратын мұқият тыңдап, М.Ф.Мулин 2023 жылы құрылған IRES жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. IRES міндеті - Мәртебелі Король ұсынған мәселелер бойынша зерттеулер мен стратегиялық талдаулар жүргізу және ел үшін стратегиялық деп саналатын салаларда ұлттық және халықаралық деңгейде мониторинг функциясын қамтамасыз ету. Ол құрылымдық сипаттағы ұлттық мәселелерді талдайды, Марокконың сыртқы байланыстарын олардың көп өлшемдері бойынша зерттейді және жаһандық мәселелерге үлкен көңіл бөледі.

Ұзақ созылған кездесу нәтижесінде бірлесен конференция өткізу, делегациялармен алмасы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен байланыстар орнатуға күш жұмылдыру келісілді.