Марокконың туристік аймақтарымен ынтымақтастық дамуда

Марокконың туристік аймақтарымен ынтымақтастық дамуда

Агадир, 17  шілде - «Джахор марокколық өнер және шығармашылық ассоциациясы» Рабатта аккредиттелген елшілер және халықаралық ұйым басшылары үшін Марокко Корольдігінің оңтүстігіндегі Агадир  қаласына танысу сапарын ұйымдастырды. Сапар барысында жергілікті билік және бизнес өкілдерімен пайдалы кездесулер өтіп, туристік-мәдени орындармен таныстық.

Агадир қаласының мэриясында қала дамуының басты стрегиясы туралы мазмұнды презентация ұсынылды. Бағдарлама бойынша аймақтағы ірі тұзсыздандыру зауыты, сардин мен тунадан жасайтын консерва зауыты және арган майынан азық-түлік және косметикалық өнімдер жасайтын коопреатив жұмыстарымен таныстық.

 Агадир туризм саласын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Осы ретте шетелдік туристерге ұсынылатын музейлер, демалыс орындары, инфрақұрылымымен де танысуға жақсы мүмкіндік болды.

2023 жылы Мароккодағы туризм жаңа тарихи белеске жетіп, 14,5 миллион туристті қабылдады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда +34% және 2019 жылмен салыстырғанда +12% өсті. Өсім негізінен Марракеш (68%), Агадир (35%), Касабланка (40%), Танжер (26%), Фес (46%) және Рабат (35%) қалаларында байқалды.