Мароккода білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Мароккода білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

2023 жылғы 24 шілде, Рабат қаласы – Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың Жоғары білім, ғылыми зерттеу және инновация министрі Абделлатиф Мирауимен кездесу барысында 2023 жылғы 25-26 мамырда Алматы қаласында өткен «ИЫҰ-15 диалог» платформасының алғашқы министрлік кездесуі нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі ілгерілету мақсатында екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Марокколық министр Алматыға сапарын жоғары бағалап, білім саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мақсатында университеттер арасында нақты байланыстар орнату, студенттер және оқытушылармен алмасу, сондай-ақ шартты-құқықтық базаны кеңейтуге қызығушылығын білдірді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 11-12 қазанда Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) штаб-пәтерінде өтетін  «Әл-Фараби және оның адамзат тарихындағы үлесі» атты 1-ші Халықаралық конференциясына Қазақстан және Марокко Жоғарғы білім және ғылым министрлерінің қатысуы бойынша пікір алмасылды.