Қазақстанның Елшісі ИСЕСКО Бас директоры доктор Сәлім Әл-Мәлікпен кездесті

Қазақстанның Елшісі ИСЕСКО Бас директоры доктор Сәлім Әл-Мәлікпен кездесті
2022 жылғы 2 тамыз, Рабат қаласы
Қазақстанның Мароккодағы елшісі С.Сайлауқызы ИСЕСКО Бас директоры доктор Сәлім Әл-Мәлікпен кездесті.
ИСЕСКО Бас директоры ү.ж. 14-15 қыркүйекте Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын тағы да растады.
Кездесу барысында тараптар доктор Салим әл-Мәліктің Қазақстанға сапарын дайындау және оның Үкімет, ғылыми және мәдени топ өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру мәселелерін талқылады.