Қазақстанның Елшісі Марокко Ұлттық кітапханасының директорымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Марокко Ұлттық кітапханасының директорымен кездесті
Рабат қаласы, 2022 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Ұлттық кітапханасының директоры Мұхаммед Әл Ферранмен кездесті.
Елші Қазақстан мен Марокко арасындағы қарым-қатынастарға тоқтай өтіп, Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі және оған Марокконың Уақып және ислам істері жөніндегі министрі Ахмед Тауфиқтың қатысып жатқаны туралы ақпарат берді.
М. Әл Ферран Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен байланыстар орнатуға, кітап қорын байыту мақсатында кітап алмасуға, сарапшылардың өзара тәжірибе алмасуына қызығушылығын және осы бағытта жұмыс жасауға әзірлігін мәлімдеді.
Марокко Ұлттық кітапханасының қорына қазақ және ағылшын тілдерінде кітаптар табыстады.
Марокко Корольдігінің Ұлттық кітапханасы 1926 жылы ашылған. Кітапхананың қорында 340 мыңнан астам кітап, 60 мыңнан астам манускрипт және 8 мыңнан астам архивтік фотолар сақталған.