
2022 жылғы 29 сәуір, Рабат қ.
2021 жылғы 19 сәуірде С.Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігінде Рабат қаласындағы резиденциясымен Елші қызметіне кірісті және осы күннен бастап Корольдіктің астанасында еліміздің алғашқы дипломатиялық өкілдігін ашу бойынша қарқынды жұмыстар жүзеге аса бастады.
Аз уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Алғашқы уақытта болу еліндегі жауапты тұлғалармен өзара тиімді байланыстар орнату, ғимарат іздеу, оны жөндеу және орналасу, сондай-ақ басқа да көптеген протоколдық, әкімшілік және шаруашылық мәселелерді жүзеге асыруға баса көңіл аударылды.
Осылайша күні кеше Елші резиденциясында алғашқы рет Қазақстан туы көтерілді, Елшіліктің жаңа залында Мароккодағы ұзақмерзімді шетелдік іс-сапары аяқталған әріптесімізді елімізге шығарып салынды.