
2022 жылғы 28 сәуір, Рабат қ.
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі С.Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Уақып және ислам істері жөніндегі министрі Ахмет әл Тауфиқпен кездесті.
Кездесуде барысында Министрді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы қысқаша ақпарат берді. Сұхбат шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысу туралы шақыру хатын қолма-қол табыс етті.
Сөз кезегінде А.Тауфиқ аталған іс-шараға 2015 және 2018 жылы Марокко делегациясының басшысы ретінде қатысқанын алға тартып, бұл жолы да Съездің кезекті жұмысына қатысуға ниетті екенін хабарлады. Сөзін қорыта келе, Қазақстанның бұл бейбітсүйгіш бастамасын жоғары бағалады. Қазіргі уақытта әлемде орын алған қақтығыстарды шешуге, дін өкілдері арасында диалог орнатуға, дінаралық және этносаралық татулықты дамытуға, түрлі қөзқарастар мен нанымдарға құрметпен қарауға бағытталған Съезді ұйымдастырудың ерекше маңыздылығын атап айтты.