
2022 жылғы 21 сәуір, Рабат қ.
Қазақстан Республикасының Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) жанындағы Тұрақты өкілі Сәулекүл Сайлауқызы Ұлы Мәртебелі Король Мұхаммед VI-ның жоғары қамқорлығымен ИСЕСКО-ның Рабат қаласындағы штаб-пәтерінде өткен «Халықаралық мейірімділік күні» бастамасын ұлықтау рәсіміне қатысты.
ИСЕСКО Бас директоры др.Салим әл-Малік, Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мохаммад бин Абдулкарим әл-Исса және Мұсылман ғалымдар лигасының Бас хатшысы др.Ахмед Абадди ісшарада сөйлеген сөздерінде «Халықаралық мейірімділік күні» бастамасының маңыздылғына, оның гуманистік және әмбебап құндылықтарына ерекше көңіл аударды.
Жиында марокколық ғалымдар, саяси және қоғамдық тұлғалар, зиялы қауым мен дипломатиялық корпустың өкілдері болды.