Қазақстанда «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өткізіледі

Қазақстанда «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өткізіледі

2022 жылғы 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін Қазақстанда «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы 13-ші рет өткізіледі.

«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі - WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF ғаламшардың болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақырады және осы уақыт аралығында әлемнің ең танымал ғимараттары мен ескерткіштерінің жарықтары сөндіріледі.

«Жер сағаты» акциясы – бұл ғаламшардағы жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 190 елден және 7000 қаладан 2 млрд астам адам қатысады.

Қазіргі әлемдегі экологиялық проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, біз барлық достарымызды осы акцияға қатысуға шақырамыз.