2022 жылғы 25 наурыз, Рабат қаласы.
Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінің қызметкерлері 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында ITF Junior сериясының бірінші санатты турнирлеріне қатысу үшін Мароккоға келген Қазақстанның теннис бойынша жасөспірімдер құрамасының ойындарына жанкүйерлер ретінде қатысты.
Қазақстандық теннисист Сандуғаш Кенжібаева Касабланка қаласында турнирдің бірінші айналымда Кения және 1/4 финалда Бельгия өкілдерін жеңіп, жартылай финалда Великобританияның өкіліне есе жіберді.
Құраманың аға жаттықтырушысы Р.Мұхамедзяновтың айтуынша, Мароккодағы турнирлерге қатысу қазақстандық теннисшілерге әлемдік рейтингте ұпай жинау және Қазақстан атынан Францияның Roland-Garros теннис бойынша жасөспірімдер ашық чемпионатында қатысу үшін қажет.
Елшілікте кездесуде Елші С.Сайлауқызы спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтап, әлем турнирлерінің ең биік тұғырларында еліміздің көк байрағын көтеріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.