Қазақстанның Мароккодағы Елшісі С.Сайлауқызы Фес қаласына жұмыс іс-сапармен болды

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі С.Сайлауқызы Фес қаласына жұмыс іс-сапармен болды

2022 жылғы 22-23 наурыз, Фес қаласы.

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі С.Сайлауқызы БҰҰ-ның Мароккодағы Тұрақты үйлестірушісі ұйымдастырған «Visite des Femmes Ambassadeurs» атты семинарға қатысу, сондай-ақ Фес-Мекнес аймағындағы ғылыми-академиялық және бизнес топтарының өкілдерімен байланыстар орнату мақсатында Фес қаласына жұмыс іс-сапармен болды.

Сапар барысында «Сиди Мохамед бен Абделлах университетінің» президенті Р.Мрабетпен және «Әл-Қарауин университеті» президентінің орынбасары А.Джалалмен кездесулер өтіп, білім және ғылым салаларында ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Марокко университеттері арасында ынтымақтастық орнату және студенттермен алмасу мүмкіндігін талқыланды.

Елші Фес-Мекнес аймағының Мароккалық кәсіпорындар конфедерациясы төрағасы О.Тажмуати және Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Б.Тахримен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру төңірегінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Елші аймақтағы ең ірі зәйтүн майын экспорттаушылардың бірі болып табылатын «SIOF» кәсіпорнының жұмысымен танысты.